Қазақстанның Измир қаласындағы Бас консулдығы LÖSEV қайырымдылық акциясына қатысты
08.12.2025 08:00:34 30Измирдегі Izmir Qazaq Jastary студенттік қозғалысының белсенділерімен бірге Қазақстанның Измир қаласындағы Бас консулдығы лейкемиямен ауыратын балаларға арналған мандарин жинау қайырымдылық шарасына қатысты.
Акция барысында LÖSEV-тің арнайы плантациясында өсірілген 700 килограмм мандарин жиналды. Жиналған жемістер қордың қолдауы аясында онкологиялық аурумен күресіп жатқан балалар мен олардың отбасыларына жеткізілетін болады.
LÖSEV (Foundation for Children with Leukemia) қоры 1998 жылдың 8 қарашасында педиатр-гематолог/онколог Үстүн Эзердің бастамасымен құрылған. Ол лейкемияға шалдыққан балалар мен олардың отбасыларына тек медициналық емдеу ғана емес, сонымен қатар тұрмыстық, психологиялық және білім беру тұрғысынан да қолдау қажет екенін байқаған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-izmir/press/news/details/1120538?lang=kk