Қазақ хандығы мен Орақты батыр: елдік пен ерліктің тұғыры

Қазақ хандығы мен Орақты батыр: елдік пен ерліктің тұғыры

08.12.2025 13:00:48 319

Биыл, Қазақ хандығының 560, Әлшағырұлы Орақты батырға 605 жыл. Осыған орай, Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Қазақ хандығы мен Орақты батыр: елдік пен ерліктің тұғыры» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты: хандықтың құрылу кезеңіндегі мемлекеттік іргетасының қалануы, елдің бірлігі жолында күрескен батырлардың тарихи рөлін жан-жақты қарастыру, сондай-ақ, Орақты батырдың елдік мұрадағы орнын бүгінгі ұрпақ санасында жаңғырту.
Дөңгелек үстелге зиялы қауым өкілдер, тарихшылар мен өлкетанушылар, Орақты батырдың ұрпақтары, мәдениет қызметкерлері, Жетісу университетінің Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының білімгерлері қатысты. Шара барысында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның құрметті жазушысы Әміре Әрін сөз бастап, ғұн, түркі кезеңі, Шыңғысхан империясы мен Алтын Орда дәуіріндегі ұлы тұлғалардың тарихи рөлі турасында сөз өрбітті. Мәдениет қайраткері Рахмет Есдәулетов Орақты батыр жайында жазылған шығармалар жайлы айтса, журналист-өлкетанушы Қажет Андас «1857 жылғы қазақ-қытай Мамырсу келісімі» турасында баяндамасын оқыды. Тарих пен тағылымға толы басқосуда баяндамашылар тарапынан батыр туралы зерттелмей жатқан тұсары мен  шешімін таппай жатқан мәселелер туралы пікірлер айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1120916?lang=kk