«Қазақстан–Бразилия» Достық форумы Бразилиядағы дипломатиялық миссиялар басшыларының жұбайлары клубының (GCCM) жұмысын атап өтті
09.12.2025 08:10:53 152
Бразилиа, 2025 жылғы 8 желтоқсан - «Қазақстан–Бразилия» Достық форумының жылдық отырысы аясында Қазақстанның Бразилиядағы Елшісінің жұбайы Гүлназия Нүсіповаға 2023–2025 жылдар кезеңінде дипломатиялық өкілдіктер басшыларының жұбайлары клубының (GCCM) Президенті ретінде атқарған белсенді қызметі мен «Қазақстан–Бразилия» достық форумын тұрақты қолдауы үшін Алғыс дипломы табысталды.
Ұлттық Конгресстің экс-Сенаторы және «Қазақстан–Бразилия» Достық қоғамының Президенті Улиссес Ридель өз сөзінде Гүлназия Нүсіпованың Бразилиядағы дипломатиялық миссиялар басшыларының жұбайлары клубының (GCCM) басшысы ретінде Бразилияның дипломатиялық ортасында Қазақстанның мәдениеті мен өнерін кеңінен танытуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Сондай-ақ бразилиялық саясаткер оның басшылығы кезінде «Қазақстан–Бразилия» достық форумы GCCM клубының түрлі іс-шараларына тұрақты түрде шақырылып отырғанын және бұл Достық қоғамының елдің дипломатиялық ортасында кеңінен таныла түсуіне әрі шетелдік дипломаттармен достық байланыстар орнатуға мүмкіндік бергенін айтты.
Достық форумының вице-президенті Кассиано Перейра Виана өз кезегінде Г.Нүсіпова басқарған GCCM клубына Бразилия мен шет мемлекеттер арасындағы мәдени диалогты дамыту мен кеңейтуге қосқан белсенді еңбегі үшін алғысын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1121468?lang=kk