«Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен ұсталған табыс салығына байланысты кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына

«Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен ұсталған табыс салығына байланысты кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына

09.12.2025 10:00:35 257

        «Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен ұсталған табыс салығына байланысты кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 694 бұйрығы (бұдан әрі -  Бұйрық) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49-бабы 4-тармағының төртінші бөлігін, 113-бабының 4-тармағын, 699, 700, 701 және 703-баптарын, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасын орындау аясында қабылданды, атап айтқанда келесі мемлекеттік қызметтерге қатысты:

  • төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару;
  • Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру.

      Бұйрық салық төлеушілердің (салық агенттерінің) мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимылын реттейтін төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру тәртібін айқындайды.

     Бұйрықпен қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негізінде төленген табыс салығын бюджеттен қайтаруға салықтық өтінішінің (бұдан әрі – қайтаруға өтініш), Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістері және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтаманы алуға салықтық өтінішінің (бұдан әрі – анақытаманы алуға өтініш), қайтаруға өтінішті қараудан бас тарту туралы шешімнің және қайтаруға өтінішті қарау нәтижесі бойынша шешімдердің, «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту нысандарының және мемлекеттік қызмет көрсетулердің қағидалары бектілген.

     Бұйрық мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерінің ашықтығын арттыруға, жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша салықтық өтініштердің, шешімдердің, уәжді бас тартуды рәсімдеудің біріздендірілген талаптарын қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1121565?lang=kk