Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығына «Мемлекеттік кірістер органы шешімдерінің нысандарын және өзара келісу рәсімі мәселесі бойынша өтінішті белгілеу туралы»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығына «Мемлекеттік кірістер органы шешімдерінің нысандарын және өзара келісу рәсімі мәселесі бойынша өтінішті белгілеу туралы»

09.12.2025 10:10:27 234

        Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі №530 «Мемлекеттік кірістер органы шешімдерінің және өзара келісу рәсімі мәселесі бойынша өтініштердің нысанын бекіту туралы» бұйрығы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 232 - бабын, 49-бабының 4-тармағын және 113-бабының 2-тармағын (бұдан әрі-бұйрық) іске асыру мақсатында бекітілген. 

        Бұйрықта өзара келісу рәсімі шеңберінде пайдаланылатын құжаттардың нысандары, атап айтқанда салық төлеушінің өтініші және Мемлекеттік кірістер органының шешімдері белгіленген. Осы нысандарды бекіту Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары арасындағы салық дауларын реттеу мүмкіндігін көздейтін Қазақстан Республикасы Салық кодексінің және қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттардың ережелерін іске асыруға бағытталған.

      Бұйрық салық төлеушілер үшін де, мемлекеттік кірістер органдары үшін де құқықтық сенімділікті қамтамасыз етуге, қосарланған салық салу тәуекелдерін азайтуға және трансшекаралық салық дауларын шешу кезінде әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1121574?lang=kk