«Мемлекеттік кірістер органдары шешімдерінің нысандарын және бақылаудағы шетелдік компанияға қатысу (бақылау) мәселелері бойынша өтініштерді белгилеу ткралы» Қазақстан республикасының Қаржы министрлініңі 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 536 бұйрығына

«Мемлекеттік кірістер органдары шешімдерінің нысандарын және бақылаудағы шетелдік компанияға қатысу (бақылау) мәселелері бойынша өтініштерді белгилеу ткралы» Қазақстан республикасының Қаржы министрлініңі 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 536 бұйрығына

09.12.2025 10:20:23 281

        2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты «Баұыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау) өтінімнің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 334 бұйрығы қайта бекітілді.

      Сонымен бірге, бұйрық салық төлеуші-резидентті тікелей немесе жанама, не акцияларын конструктивті иеленуші немесе бақыланатын шетелдік компанияда тікелей немесе жанама, конструктивті бақылауы бар деп тану туралы шешімнің жаңа нысанымен толықтырылды.

     Бұл нысанды салық органдары резидентті тікелей, жанама немесе конструктивті үлесті иеленуші деп таныған кезде немесе резидент бақыланатын шетелдік компанияға тікелей, жанама немесе конструктивті бақылауы бар деп танылған кезде толтырады. Осы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушіге жіберіледі.

      Салық төлеуші жоғарыда аталған шешімді алғаннан кейін және шешімде көрсетілген мәліметтермен келіссе бақыланатын шетелдік компанияға қатысуға (бақылауға) өтініш беруге міндетті.

     Салық органының шешімімен келісілген жағдайда, салық төлеуші осындай шешімді уәкілетті органға алған күннен бастап 15 жұмыс күніннен кешіктірмей осы шешімге шағым жасауға құқылы.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1121582?lang=kk