Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриялық аймағында бу құбырын салу жобасы жүзеге асырылуда. Мердігер «Отау Строй» ЖШС қараша айында басталған құрылысты 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Бу құбырының жалпы ұзындығы 4,3 шақырымды құрайды. Жоба индустриалды аймақты инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге және кәсіпорындардың жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған. Құрылыс барысында диаметрлері Ø108 мм және Ø325 мм болатын болат құбырлар пайдаланылып жатыр. Жаңа желі индустриалды аймақтағы кәсіпорындарды қажет технологиялық параметрдегі бумен қамтамасыз етеді, ал бұл өндіріс орындарының үздіксіз және тиімді жұмысын қамтамасыз етіп, технологиялық процестердің тұрақтылығы мен сенімділігін арттырады.