МКК бейрезидент заңды тұлғалардың ҚР шегінен тыс жерлерде қызмет көрсетуден түскен табыстарына салық салу тәртібін түсіндіреді
09.12.2025 18:20:45 131
Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік компаниялардың ҚР шегінен тыс жерлерде қызмет көрсетуден түскен табыстарына салық салу тәртібін түсіндіреді.
Салық кодексіне сәйкес, бейрезидент, егер ҚР көздерінен кірістер алынса, Қазақстанда салық төлеуге міндетті.
Мұндай кірістердің тізбесі Салық кодексінің 644-бабында айқындалған.
Қазақстандағы көздерден алынатын табыстарға мыналар жатады:
- Қазақстан Республикасының аумағында орындалған жұмыстар мен қызметтер (644-баптың 1-тармағы 2-тармақшасы);
- Бейрезиденттің Қазақстан шегінен тыс жерде көрсеткен басқарушылық, қаржылық, консультациялық, инжинирингтік, маркетингтік, аудиторлық және заңгерлік қызметтер (644-баптың 1-тармағы 3-тармақшасы).
Егер бейрезиденттің қызметі ҚР-да тұрақты мекеме құруға алып келмесе, онда мұндай кірістер:
- төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынады(ТК КТС),
- шегерімдер жоқ,
- 20% мөлшерлеме бойынша.
Cалықты cалық агенті болып табылатын, Қазақстандағы тапсырыс беруші компания ұстайды.
Салық кодексінің 644-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, Қазақстан шегінен тыс жерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кірістер, Салық кодексінің 645-бабы 9-тармағының 11-тармақшасына сәйкес салық салынбайды.
Яғни:
✔ егер бейрезидент тек шетелде қызмет көрсетсе;
✔ және бұл қызметтер Кодексте белгіленген арнайы санаттарға кірмейді;
→ Қазақстанда мұндай табыстарға салық салынбайды.
Бұл бизнес үшін нені білдіреді?
- Қазақстанда жұмыс істейтін немесе қазақстандық тапсырыс берушілер үшін қызмет көрсететін шетелдік компаниялар қызметтердің нақты қай жерде орындалатынын ескеруі тиіс.
- Егер қызметтер Қазақстанда орындалса, тапсырыс беруші салықты төлем көзінен ұстайды.
- Егер қызметтер толығымен шетелде көрсетілсе және мұндай қызметтерден түсетін кірістер Салық кодексінің 644 — бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген кірістердің арнайы түрлеріне жатпаса-салық қолданылмайды.
- Мұндай ережелер айқындықты қамтамасыз етеді, қосарланған салық салуды болдырмайды және адал іскерлік тәжірибеге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1122296?lang=kk