«ЖИ көмегімен кітапханаларды цифрлық трансформациялау»

«ЖИ көмегімен кітапханаларды цифрлық трансформациялау»

11.12.2025 10:20:53 183

Ағымдағы жылдың  10 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Жасанды интеллект көмегімен кітапханаларды цифрлық трансформациялау» тақырыбында лекция-практикум өтті.

Іс-шараның мақсаты қатысушыларды кітапхана саласындағы жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен таныстырып, кітапханалық процестерді цифрландыруға арналған ЖИ құралдарын қолдану дағдыларын үйрету.

Лекцияны Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-нің ақпараттық технологиялар саласындағы құзыреттілік және  технологияларды трансферлеу орталығының жетекшісі Руслан Қайратұлы Четтыкбаев жүргізді. Өз баяндамасында ол кітапхана ісіндегі ЖИ-тің рөлі, оның негізіндегі құралдар мен платформалар жөнінде айтты.

Кітапханамыздың  жас маманы Адақ Жаңыл шара қатысушыларымен нейрожелілерді кітапханалық жұмыста пайдалану тәжірибесімен бөлісті.

Сурет үйірмесі балаларының ертегі кітаптардағы кейіпкерлерді салған суреттері QR-код арқылы жандандырып көрсетіліп, кітап көрмесі қойылды. Сол кітаптарды оқырмандарға ЖИ көмегімен қалай қызықтыруға болатыны айтылып, таныстырылды.

Іс-шараның практикалық бөлігі ЖИ көмегімен контент жасау дағдыларын тәжірибеде пысықтауға арналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1123388?lang=kk