«Көкшетау-КРО» үздік кеден бекеттерінің қатарында

«Көкшетау-КРО» үздік кеден бекеттерінің қатарында

11.12.2025 11:10:26 305

Халыққа ыңғайлы кеден әкімшілігін дамыту, бақылаудың тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызмет стандарттарын күшейту мақсатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жыл сайын өтетін «Үздік кеден бекеті» акциясының қорытындыларын шығарды.

       Бекеттердің жұмыс сапасы басты көрсеткіштер бойынша қаралды: кеден бақылау мерзімдерін сақтау, декларацияларды рәсімдеу уақыты, кедендік құн динамикасы және басқа да тиімділік, ашықтық пен нәтижелілікті көрсететін параметрлер.

       «Үздік мемлекеттік жоба» номинациясы бойынша Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Көкшетау-КРО» кеден бекеті жеңімпаз деп танылды.

«Жылдың үздік кедендік бекеті» акциясының нәтижелері  мемлекеттік кірістер органдарының дамуға, инновацияларды енгізуге және қызмет сапасын арттыруға ұмтылысын көрсетеді – дейді «Көкшетау-КРО» кеден бекетінің басшысы Абай Шәйкенов .

Кеден бекетінің қызметкерлерін құттықтай отырып, кәсіби жетістіктер тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1123441?lang=kk