«ШҚО суретшілерінің ұжымдық көрмесі. 2025 жылдың қорытындысы»
11.12.2025 11:30:45 349
ШҚО музей-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайында көркемсурет вернисажы өтті, онда 2025 жылдың қорытындысы және Қазақстан Суретшілер одағының Шығыс Қазақстан филиалының мүшелері: Николай Аштеманың, Андрей Коротаевтың, Ирина Журавлеваның және басқа да суретшілердің 30-дан астам кескіндеме және графика туындылары ұсынылған. Авторлардың шығармалары өнер иелерінің өздері жайлы, уақыт және қоршаған орта туралы әсерлерінен сыр шертеді. Көрмеде портреттер мен пейзаждар, натюрморттар, сондай-ақ тұрмыстық және анималистік жанрлар қойылды. Суретшілердің өлкенің табиғатынан, тарихы мен мәдени дәстүрлерінен шабыттанған туындылары заманауи көркемдік стильдер мен бағыттардың панорамасын көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1123468?lang=kk