«СШАЕАҚ-2025» Халықаралық форумы

«СШАЕАҚ-2025» Халықаралық форумы

11.12.2025 12:40:31 357

🇰🇿🇰🇷
Кёнджу қ., 2025 жылғы 9 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығы мен Түркістан облысының делегациясы 2025 жылғы 8 - 10 желтоқсан аралығында Кёнджу қаласында (Солтүстік Кёнсан провинциясы, Корея Республикасы) өткен «СШАЕАҚ - 2025» халықаралық форумының жұмысына қатысты.

Солтүстік-Шығыс Азия елдерінің аймақтық әкімшіліктері қауымдастығы (СШАЕАҚ) алты елдің 82 әкімшілік бірлігін біріктіретін өңірлік ынтымақтастықтың ең ірі көпжақты алаңы болып табылады. Қазақстанның аталған Қауымдастыққа қатысуы ұлттық және өңірлік мүдделерді ілгерілетуге, атап айтқанда экономикалық байланыстарды нығайтуға (инвестициялар тарту және туризмді дамыту), технологиялық алмасуға, сондай-ақ Республиканың Шығыс Азиядағы геосаяси қатысуын күшейтуге ықпал етеді.

2025 жылғы маусымда мүше-корреспондент мәртебесі берілген Түркістан облысы Парламентаралық сессия жұмысына елеулі үлес қосты.

 


🇰🇿🇰🇷
Кёнджу, 9 декабря 2025 года – Генеральное консульство Республики Казахстан в г. Пусан и делегация Туркестанской области приняли участие в работе Международного форума «АРАССВА-2025», проходившего в период с 8 по 10 декабря т.г. в городе Кёнджу (провинция Северная Кёнсан, Республика Корея).

Ассоциация региональных администраций стран Северо-Восточной Азии (АРАССВА) представляет собой крупнейшую многостороннюю платформу регионального сотрудничества, объединяющую 82 администрации из шести стран. Участие Казахстана в данной Ассоциации способствует продвижению национальных и региональных интересов, а именно: укреплению экономических связей (привлечение инвестиций и развитие туризма), технологическому обмену и усилению геополитического присутствия Республики в Восточной Азии.

Туркестанская область, утверждённая в статусе члена-корреспондента в июне 2025 года, внесла содержательный вклад в работу Межпарламентской сессии.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1123547?lang=kk