Алтай ауданында Денсаулық сақтау саласы белсенді дамып келеді.

Алтай ауданында Денсаулық сақтау саласы белсенді дамып келеді.

11.12.2025 15:10:38 321

Ауданда денсаулық сақтау саласы белсенді дамып келеді. Биыл ауданаралық аурухана аумағында МРТ аппаратын орналастыру үшін ғимарат құрылысы басталды. Тұрғысын ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуда. Жыл соңына дейін медициналық мекемелер 4 бірлік заманауи жабдықты сатып алады. "Бүгінде Алтай Денсаулық сақтау нысандарының жабдықталу деңгейі 83 % құрайды. Ағымдағы жылдың басынан бастап онкологиялық аурулардан болатын өлім — жітім 8,7% — ға, туберкулезден болатын өлім-жітім 66% - ға, туберкулезбен сырқаттанушылық 36,1% - ға төмендеді. Жалпы аудан бойынша 21 дәрігер жетіспейді", - деді облыс әкімі Н.Сақтағанов. Ол денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен Алтай ауданының әкіміне медициналық кадрларды тарта отырып мәселені шешуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-polyanskoe/press/news/details/1123635?lang=kk