Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Никольск-1» ЖШС-не барды

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Никольск-1» ЖШС-не барды

11.12.2025 15:20:25 304
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Никольск-1» ЖШС-не барды
 
Алтай ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Никольск-1» ЖШС-нің қызметімен танысты. Жекеменшік ауыл шаруашылығы кәсіпорны 2009 жылдан бері жұмыс істеп, өңірдегі тұрақты аграрлық шаруашылықтардың бірі болып табылады.
 
Кәсіпорынның негізгі қызмет бағыттары:
•егіншілік,
•мал шаруашылығы.
 
Шаруашылық өңірді сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етіп, жергілікті тұрғындар үшін маусымдық жұмыс орындарын ашады.
Кәсіпорынның құрылтайшысы Марат Сайлұбаев облыс әкіміне Орел тауының үстінде қысқы туристік инфрақұрылымды дамыту жоспарын таныстырды. Болашақта заманауи қысқы спорт түрлері кешенін салу, арқан жолын қалпына келтіру және марал шаруашылығын ашу қарастырылуда. Бұл жоба ауданның туристік мүмкіндіктерін кеңейтіп, жаңа инвестиция тартуға бағытталған.
Облыс әкімі мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, ауыл шаруашылығы мен туризмді дамыту Алтай ауданы үшін өсудің негізгі бағыттарының бірі екенін баса айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-polyanskoe/press/news/details/1123656?lang=kk