2026 жылғы Салық кодексіндегі жаңашылдықтарды азаматтар мен кәсіпкерлерге түсіндіру
11.12.2025 15:50:42 411
Көксу ауданы бойынша МКБ-де ашық есік күні өтті. Іс-шара аясында тұрғындар мен кәсіпкерлерге арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылып, басқарма мамандары 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі бағыттары мен ерекшеліктері туралы жан-жақты түсіндірді.
Кездесу барысында қосылған құн салығы, корпоративтік және жеке табыс салығына қатысты негізгі өзгерістерге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ қатысушыларға салықтық әкімшілендіруді жеңілдету шаралары, шағын және орта бизнес субъектілері үшін жаңа мүмкіндіктер, әкімшілік жүктемені азайту және салықтық рәсімдердің ашықтығын арттыру жөнінде ақпарат ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1123703?lang=kk