Қазақстан Елшісі Сорока Примарымен кездесті
11.12.2025 20:40:37 219
Кишинев, 2025 жылғы 9 желтоқсан – ҚР Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Сорока қаласына Примар Лилия Пилипецкидің шақыруымен жұмыс сапарын жасады.
Тараптар екіжақты қатынастардың ықтимал бағыттары жөнінде пікір алмасты. Әсіресе Қазақстан мен Молдова аумағында іске асырылып жатқан мәдени, әлеуметтік және экономикалық жобаларға өзара қатысу мүмкіндіктеріне назар аударылды.
Сұхбаттастар өзара ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын айқындау және оны жандандыруға бағытталған нақты қадамдарды әзірлеу мақсатында тұрақты байланыстарды қолдауға дайын екендіктерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/1124087?lang=kk