Ғылым және жоғары білім министрі Дохада Қазақстанның білім беру жүйесін трансформациялаудың негізгі бағыттарын таныстырды

Ғылым және жоғары білім министрі Дохада Қазақстанның білім беру жүйесін трансформациялаудың негізгі бағыттарын таныстырды

12.12.2025 08:01:16 264
24-25 қарашада Қатар астанасында «Humanity.io: білім берудің өзегіндегі адами құндылықтар» тақырыбына арналған 12-ші Білім берудегі инновациялар бойынша әлемдік саммитке (World Innovation Summit for Education, WISE) Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысып, Қазақстанның білім беру жүйесін трансформациялаудың негізгі бағыттарын таныстырды.
 
Сапар аясында Қатардың білім және жоғары білім министрі Лулуа бинт Рашид Әл-Хатермен кездесуі өтіп, екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1124115?lang=kk