Мобильді аударымдар: 2026 жылдан бастап не өзгереді
12.12.2025 16:10:57 156
Мобильді аударымдар: 2026 жылдан бастап не өзгереді 2026 жылғы 1 қаңтардан мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа өлшемшарты қолданысқа енеді. Не өзгеруде? Бұрын тек аударымдар саны ескерілетін — 3 ай қатарынан 100 немесе одан да көп әртүрлі тұлғадан түскен жағдайда. Енді қосымша талап енгізіледі: дәл сол 3 айда түскен қаражаттың жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) асуы керек. Қашан кәсіпкерлік қызмет белгісі туындайды? Егер сіздің жеке (бизнеске арналмаған) шотыңызға 3 ай қатарынан әр айда: • 100 әртүрлі адамнан ақша түссе, және • жалпы сома 12 ЕТЖ-дан асса, онда мұндай операциялар кәсіпкерлік табыс белгілері бар ретінде есептеледі. #ҚРҚММКК #КГДМФРК #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможня
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1124749?lang=kk