Орталық Азия Мемлекеттері басшыларының жетінші консультативтік кездесуінің қорытындыларына арналған іс-шараға қатысу туралы.
13.12.2025 08:01:57 191
Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі Елші Қазыхан Орталық Азия Елшілерінің бастамасымен ұйымдастырылған «Өңірлік ынтымақтастық: Орталық Азия Мемлекеттері басшыларының 7-ші консультативтік кездесуінің маңызды нәтижелері» (ОАМБКК) тақырыбындағы іс-шараға қатысты.
Елші Е.Қазыхан өз сөзінде Орталық Азия біртұтас, тұрақты және қарқынды дамып келе жатқан өңір ретінде сенімді түрде қалыптасып келе жатқанын, сондай-ақ халықаралық тұрақтылықты нығайтуға, жаһандық диалогты ілгерілетуге және көпжақты ынтымақтастықты ынталандыруға елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті.
ОАМБКК-тің жетінші кездесуі өңір мемлекеттеріне сенімді саяси диалог жүргізуге, сауда-экономикалық кооперацияны нығайтуға және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейтуге мүмкіндік беретін консультативтік форматтың тиімділігін тағы да көрсетті. Әлемнің 10 жетекші елімен және 2 өңірлік ұйыммен ұйымдастырылған "Орталық Азия плюс" форматтары өңір елдеріне халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша келісілген ұстанымдарды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Елші Е.Қазыхан Әзірбайжанды ОАМБКК-тің толыққанды қатысушысы ретінде қосу туралы тарихи шешім өңірлік өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге қосымша серпін және өңірдің халықаралық аренадағы ұжымдық дауысын күшейтуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Орталық Азия Мемлекеттері басшыларының Қырғыз Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің 2027-2028 жылдарға арналған тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдайтынын айтып, Орталық Азияның БҰҰ-ның негізгі органындағы өкілдігі ұйымның әмбебап, жаһандық және таптырмас халықаралық құрылым ретіндегі рөлін одан әрі нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1125122?lang=kk