ТМД елдерінің Мемлекеттік аудит стандарттары жөніндегі жұмыс тобының ХХVI отырысы өтті
15.12.2025 11:50:31 321Жоғары аудиторлық палата бейнеконференцбайланыс форматында ТМД-ға мүше мемлекеттердің жоғары аудит органдарына (ЖАО) арналған Мемлекеттік аудит (қаржылық бақылау) стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының ХХVI отырысын өткізді. Отырысқа Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері қатысты.
Отырыс барысында экологиялық аудит жүргізудің әдіснамалық тәсілдеріне (Қазақстан Республикасының ЖАО) және сәйкестік аудитінде аудиторлық іріктемені қалыптастыруға (Ресей Федерациясының ЖАО) арналған құжаттар қаралды.
Отырыс барысында Жұмыс тобының 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары мақұлданды. Жоспарда екі әдіснамалық ұсынымды қарастыру көзделген:
– бірлескен және (немесе) қатарлас бақылау және (немесе) сараптамалық-талдамалық іс-шаралардың нәтижелері бойынша ТМД-ға мүше мемлекеттердің жоғары мемлекеттік аудит (қаржылық бақылау) органдары әзірлеген ұсынымдардың орындалуын мониторингтеу тәртібі бойынша;
– аудиторлық басымдықтарды айқындау бойынша.
Сонымен қатар ЖАО-лар қолданатын тәжірибелер мен тәсілдерге арналған қысқаша шолуларды келесі бағыттар бойынша талқылау жоспарлануда: мемлекеттік аудиторлардың уәждемесін қалыптастыру және арттыру; сыртқы мемлекеттік аудит мақсатында әлеуметтанулық сауалнамалар жүргізу; мемлекеттік аудит үдерістерін цифрлық трансформациялау; ЖАО-дағы сапаны басқару; сондай-ақ мемлекеттік аудит әдіснамасын қолданудың қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер еткен тәжірибелері.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/1125570?lang=kk