Павлодар облысы бойынша МКД-да мемлекеттік қызмет және этика мәселелері бойынша семинар өтті
15.12.2025 15:00:45 227
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаменті басшысының қатысуымен семинар өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты мемлекеттік қызмет имиджін қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және этикалық мәдениетін арттыру болды.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қолданыстағы заңнаманың негізгі ережелері қаралды. Қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.
Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Марат Бейсенов семинарды аша отырып, мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары заңдылық, кәсібилік, жауапкершілік, ашықтық және азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарлану болып табылатынын атап өтті.
Өз сөзінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Мадияр Әбілдин Әдеп кодексінің мемлекеттік қызмет жүйесінде ерекше рөл атқаратынын атап өтті, өйткені ол қызметтік мінез-құлық нормаларын, моральдық бағдарлар мен азаматтармен өзара іс-қимыл стандарттарын айқындайды. Ал әдеп нормаларын сақтау қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметшінің имиджін қалыптастыруға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді. Мемлекеттік қызметші адалдық, бейтараптық, азаматтарға құрмет көрсетуді, мүдделер қақтығысына жол бермеуі және заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауы тиіс.
Іс-шара соңында Мадияр Әбілдин Департаменттің қызметкерлеріне "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының ережелерін, сондай-ақ Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауды ұсынды.
Павлодар облысы бойынша МКД адам ресурстары басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1125787?lang=kk