Қостанайда үздік спортшыларды марапаттау рәсімі өтті

Қостанайда үздік спортшыларды марапаттау рәсімі өтті

15.12.2025 17:41:29 140

Бүгін, Тәуелсіздік күні қарсаңында Қостанай қаласында үздік спортшыларды марапаттауға арналған дәстүрлі салтанатты шара өтті.

Аталған іс-шара барысында биыл республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген 40 спортшы мен олардың бапкерлері марапатталды. Спортшылар мен жаттықтырушыларға ақшалай сертификаттар табысталып, сондай-ақ Қостанайдағы спорт қозғалысының дамуына үлес қосып жүрген қоғам өкілдері де ерекше атап өтілді.

Айта кету керек, спортшыларға берілетін сыйақы көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Мәселен, 2022 жылы 150 мың теңге болған қаржылай қолдау бүгінде 450 мың теңгеге жетті.

Дәстүрлі «Олимпиадалық үміт» номинациясы бойынша жас гимнаст Илья Зайцев — VI Жастар ойындарының және Қазақстан Республикасының спорттық гимнастикадан чемпионатының жеңімпазы, сондай-ақ оның бапкері Сергей Сергеев марапатталды.

Іс-шара соңында марапат иелеріне табандылықтары, кәсібилігі және жеңіске деген жігері үшін алғыс білдірілді. Олардың жетістіктері Қостанайдың спорттық беделін нығайтып, жас ұрпаққа үлгі болатыны атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1126207?lang=kk