Қазақстан ИЫҰ Азық-түлік қауіпсіздігі күніне арналған іс-шараларға қатысты
16.12.2025 08:00:49 513
Жидда, 2025 жылғы 11 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы, Қазақстан Республикасының Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары Руслан Қоспанов ИЫҰ Азық-түлік қауіпсіздігі күніне орай Ұйым штаб-пәтерінде өткен салтанатты іс-шараларға қатысты.
Биылғы жылғы іс-шара «Ауылдық әйелдер мен жастардың көшбасшылығы арқылы ИЫҰ-ның азық-түлік жүйелерін нығайту» тақырыбы аясында өтті. Негізгі бағдарлама ИЫҰ институттарының 9-шы жыл сайынғы үйлестіру кездесуі аясында ұйымдастырылып, мүше мемлекеттердің өкілдерін, халықаралық ұйымдарды және салалық құрылымдарды кеңінен біріктіруге мүмкіндік берді.
Азық-түлік қауіпсіздігі күні аясында ауылдық даму мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әйелдер мен жастардың рөліне арналған панельдік пікірталас өтті, сондай-ақ Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымының (IOFS) қазіргі бастамалары таныстырылды.
Іс-шараға қатысушылар ИЫҰ елдерінде азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты сын-қатерлер туралы хабардарлықты арттыру, инновациялық тәсілдерді ілгерілету, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ортақ қатерлерге бірлесіп қарсы тұру мақсатында мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1126436?lang=kk