Түрік компаниялары Қазақстандағы инвестицияларын арттыруға ниетті
17.12.2025 12:41:24 147
Анкара, 2025 жылғы 15 желтоқсан – Елші Е.Сәпиевтің Түркияның Адана және Газиантеп провинцияларына жасаған жұмыс сапары аясында бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен, сондай-ақ Адана өнеркәсіп палатасының төрағасы Зеки Кыванчпен және Газиантеп провинциясының губернаторы Кемаль Чебермен кездесулер өткізілді.
Кездесулерде екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің қазіргі жағдайы, оның алдағы даму перспективалары және өңірлер арасындағы байланыстарды тереңдету мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, тамақ өнеркәсібі, гигиеналық өнімдер өндірісі, пластикалық және тоқыма бұйымдары өндірісі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникаларын Қазақстанда жасау, бірлескен өндірістерді орналастыру, сондай-ақ түрік бизнесінің еліміздің инвестициялық жобаларға қатысу мүмкіндіктері талқыланды.
Кездесулер нәтижесінде түрік бизнесімен ынтымақтастықты әрі қарай дамытып, еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін тереңірек таныстыру мақсатында түрік компанияларының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ankara/press/news/details/1126946?lang=kk