Қазақстан мен Пәкістан арасындағы құқықтық дипломатияны дамытуда
17.12.2025 12:41:55 135
Исламабад, 2025 жылғы 15 желтоқсан – Онлайн форматта Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы М.Мырзағараев пен Пәкістанның Жоғарғы сот адвокаттар алқасының төрағасы С.Гиллани арасында келіссөздер өтті.
Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы М.Мырзағараев Қазақстан мен Пәкістан арасындағы көпқырлы ынтымақтастықтың қарқынды дамуын ескере отырып, құқықтық дипломатияны дамыту, адвокаттар арасында кәсіби тәжірибе алмасуды кеңейту, сондай-ақ екі елдің құқықтық жүйелері мен заңнамасын зерделеуге бағытталған бірлескен іс-шаралар, семинарлар мен конференциялар ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде, С. Гиллани қазақстандық тараптың ұсыныстарын қолдай отырып, Қазақстан мен Пәкістанның заңгерлік қауымдастықтары арасында байланыстарды жолға қоюдың қажеттігін мәлімдеді.
Сонымен қатар, Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е. Қыстафин екіжақты ынтымақтастықты әртараптандыру мен кеңейтуге бағытталған атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етіп, екі ел арасындағы құқықтық саладағы өзара іс-қимылды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар 2026 жылы делегациялар алмасуды ұйымдастыруға уағдаласып, сондай-ақ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою ниеттерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1126926?lang=kk