Студенттермен ақпараттық кездесу

Студенттермен ақпараттық кездесу

17.12.2025 18:11:38 219

12 желтоқсанда З. Алдамжар атындағы ҚӘТУ-де «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісінің иегері, қала әкімдігінің сәулет бөлімінің қызметкері Г. Ш. Тулюбаевамен студенттердің кездесуі өтті.

Кездесу барысында спикер кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар мен «Адал азамат» жобасының негізгі бағыттары туралы айтты. Жеке тұлғаны дамыту, этикалық құндылықтарды нығайту және қызметтік міндеттерді адал атқару мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара студенттер мен жастар арасында мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға және мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпараттандыруға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1127380?lang=kk