Тбилисиде Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастығының болашағы талқыланды

Тбилисиде Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастығының болашағы талқыланды

17.12.2025 18:40:46 167

Қазақстанның Тбилисидегі Елшілігінде Елші Мәлік Мырзалин АҚШ-ның Грузиядағы Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі Алан Перселмен кездесті.

Тараптар «Трамптың халықаралық бейбітшілік пен өркендеу жолындағы бағытын» (TRIPP) іске асыру барысы туралы пікір алмасты. Елші М. Мырзалин аталған бастамаға қатысуға Қазақстанның мүдделі екенін атап өтті. Бұл жоба іске асыру жүк жөнелтушілер үшін тарифтік жүктемені төмендетуге және өңірлік логистикалық бағыттардың тиімділігін арттыруға алып келуі мүмкін.

АҚШ-ның УСӨ Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Өз кезегінде, ҚР Елшісі 2026 жылы аталған логистикалық дәліздің жүк ағынын ұлғайту жөніндегі жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар Поти портында жаңа қазақстандық мультимодальдық терминал ашылғанын хабарлады.

М.Мырзалин әріптесін Грузиядағы қазақстандық кәсіпорындардың, Батуми теңіз портындағы және Батуми мұнай терминалындағы, сондай-ақ Rompetrol және Halyk Bank компанияларының іс-әрекеті туралы хабарлады.

Кездесу соңында дипломаттар байланыстарды жалғастыру және өзара ынтымақтастық туралы келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1127456?lang=kk