2025 жылғы 17 желтоқсанда Қоғамдық кеңес мүшелері Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Алтай ауданының ауданаралық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері Нурекенов Олжас Зейнуллаевичтің 2025 жылғы 12 айдың қорытындылары бойынша есепті тыңдады. Есепте 2024 жылмен салыстырғанда кадрлық резервті даярлау, біліктілікті арттыру және кадр ағымдылығы мәселелері қаралды.
18.12.2025 14:40:32 147
Жиналыс барысында дәрігерлік кадр тапшылығы мәселесі қаралды, ол қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласындағы өзекті проблемалардың бірі болып отыр. Жас мамандарға көрсетілетін қолдауға қарамастан, бұл мәселені толық шешу әлі мүмкін болмағаны атап өтілді.
Алтай ауданында медициналық кадрларды тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде: Семей қаласындағы «Медициналық университет» ЖШС өткізетін бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысу, кадр қажеттілігін Еңбек орталығы және электрондық еңбек биржасы арқылы үнемі жаңарту, сондай-ақ басқа өңірлерден мамандарды арнайы шақыру. Сонымен қатар, медициналық қызметкерлердің оқытуы мен біліктілігін арттыру жұмыстары жалғасуда.
Жиналыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелері дәрігерлік кадр тапшылығын азайтуға бағытталған шараларды күшейту, дәрігерлерді тарту және ұстап қалуға, кадрлық резервті дамытуға және персоналдың біліктілігін арттыруға басымдық беруді ұсынды.
Сондай-ақ, депутаттық корпуспен бірлесіп, моноқалаларды кадрларды тартуға арналған төлемдер қарастырылатын елді мекендер тізіміне енгізу мәселесі бойынша Сенат депутаттарына жолдау жасау туралы шешім қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1127892?lang=kk