«Салық есептілігін кері қайтарып алу» қызметін жою және нысандарды толтыру кезіндегі жауапкершілікті арттыру

«Салық есептілігін кері қайтарып алу» қызметін жою және нысандарды толтыру кезіндегі жауапкершілікті арттыру

18.12.2025 15:10:18 208

Салық есептілігін кері қайтарып алу және түзету рәсімдеріндегі өзгерістер

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Салық есептілігін кері қайтарып алу» қызметін пайдалану мүмкіндігін алып тастайтын нормалар күшіне енеді. Бұл шара қателерді азайтуға және ұсынылатын деректердің дұрыстығын арттыруға бағытталған.

Өзгерістер енгізу тәртібі:

Салық есептілігі нысандарын (СЕН) ұсынғаннан кейін кез келген өзгерістерді енгізу тек қосымша салық есептілігін беру арқылы ғана мүмкін болады.

Салық органын таңдау:

Салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесінде (САЖ) қателерді болдырмау үшін тіркеу есебінің орны бойынша салық органының кодын автоматты түрде анықтау функциясы іске асырылды. Бұл шара бұрын салық төлеушілердің есептілікті кері қайтарып алу рәсіміне жиі жүгінуіне себеп болған қателер санын қысқартуға арналған. Қажет болған жағдайда кодты өз бетінше өңдеу мүмкіндігі сақталады.

Салық төлеушілерге декларацияларды жібермес бұрын мәліметтердің дұрыстығын мұқият тексеру және оларды толтыруға жауапкершілікпен қарау қажет.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1127926?lang=kk