ЖАҢА ӘКІМ - ХАЛЫҚ ТАҢДАУЫМЕН

ЖАҢА ӘКІМ - ХАЛЫҚ ТАҢДАУЫМЕН

18.12.2025 17:51:23 146

2025 жылғы 14 желтоқсан өткен сайлаудың қорытындысы негізінде, Мұнайлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Басқұдық ауылдық округінің әкімі болып Орунбасаров Нұрбол Базарбайұлы сайланды.

Мұнайлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бейімбет Сүлейменов жаңадан сайланған әкімге қызметтік куәлікті ресми түрде табыстады.

Мұнайлы ауданының әкімі Қанат Құлжанов жаңадан сайланған әкімді құттықтап, жауапты қызметінде сәттілік тілеп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған нақты және жүйелі жұмыстар атқаратынына сенім білдірді.

Нұрбол Базарбайұлы 1987 жылы дүниеге келген. 2010 жылы Маңғыстау политехникалық колледжін «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығы, 2013 жылы Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетін «Құрылыс» мамандығы, 2015 жылы Батыс-Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Алғаш еңбек жолын 2006 жылы «Газ Сервис ЛТД» ЖШС техник мамандығымен бастаған.
2008-2013 жылдары Мұнайлы ауданына қарасты мекемелерде техникалық қызметкер, маман көмекшісі, нұсқаушы.
2013- 2020 жылдары «Арман сыра қайнату зауыты» ЖШС-де менеджер, директордың орынбасары және директор.
2020- 2021 жылдары Мұнайлы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінде бас маманның міндетін атқарушы.
19.05.2022 - 30.11.2022 жылдары Мұнайлы аудандық салық басқармасының «Салықтық бақылау бөлімінің» басшысы.
2022- 2024 жылдары Маңғыстау ауылы әкімінің орынбасары.
2024 жылдан бері Мұнайлы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-basqudyq/press/news/details/1128224?lang=kk