Бразилияда халықаралық футзал конгресі өтті
18.12.2025 18:20:34 96
Фос-ду-Игуасу қ., 2025 жылғы 17 желтоқсан - Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилия футзал федерациясының шақыруымен “Futsal World Experience - 2025” ІІІ халықаралық футзал конгресінің ашылу салтанатына қатысты (3ª edição do Mundo do Futsal Experience Penalty 2025).
Іс-шара бағдарламасымен футзалдың болашағына, оны талқылау мен болжамдауға арналған аталған спортты дамытудың ауқымды бағдарламасы аясында менеджерлер, спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер, басшылар, БАҚ өкілдері мен брендтердің жаһандық кездесуі көзделген.
Халықаралық конгресс аясында «Футзал әлемі» ұранымен гала-кеші өтіп, оның барысында қазақстандық «Қайрат» футзал клубының басшылығы футзалды дамытуға қосқан халықаралық үлесі үшін жүлделі сыйлықпен марапатталды. Бас жүлде клуб президенті әрі Қазақстан футбол федерациясының Атқару комитетінің мүшесіне Қайрат Оразбековке табысталды.
Бұл оқиғаны отандық футзал үшін тарихи сәт деп санауға болады. Өйткені алғаш рет Қазақстанның өкілі халықаралық футзал федерациясының осындай беделді сыйлығымен марапатталды. Сондай-ақ, Конгресстің екінші күні Қазақстандағы футзалдың дамуына арналған панельдік пікірталас барысында спорт директоры Густаво Парадеда «Қайрат» клубының таныстырылымын ұйымдастырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1128346?lang=kk