Қазақстан БҰҰ БЖКБ-мен босқындарды қорғау саласындағы ынтымақтастықты жоғары бағалады

Қазақстан БҰҰ БЖКБ-мен босқындарды қорғау саласындағы ынтымақтастықты жоғары бағалады

18.12.2025 18:30:30 92

Астана, 2025 жылғы 18 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (БҰҰ БЖКБ) Орталық Азиядағы өкілінің міндетін атқарушы Думитру Липкануды миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.

Тараптар Қазақстан мен БҰҰ БЖКБ арасындағы белсенді ынтымақтастығына назар аударып, босқындар мен баспана іздеушілердің құқықтарын еліміздің халықаралық міндеттемелеріне сәйкестендіру бойынша ҚР заңнамасын және институционалдық әлеуетін нығайтудағы айтарлықтай ілгерілеушілігін атап өтті.

Азаматтығы жоқ адамдардың мәртебесін айқындау рәсімін жетілдіруге, балалардың ата-аналарының құқықтық мәртебесіне қарамастан тууын тіркеуді және туу туралы куәліктер беруді қамтамасыз етуге, сондай-ақ машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес босқын куәліктерін дайындауға бағытталған Қазақстан заңнамасын жетілдіру жөніндегі шаралар оң бағаланды.

Кездесу соңында қазақ дипломаты БЖКБ өкіліне Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтудағы еңбегі үшін алғыс білдіріп, ҚР Сыртқы істер министрінің құрмет грамотасын табыс етті.

Д.Липкану қазақ тарапына сындарлы серіктестігі, ашық диалогы және БҰҰ БЖКБ бастамаларын үнемі қолдап келгені үшін алғыс білдіріп, Қазақстанның босқындар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық күш-жігерге жауапты қатысушы ретіндегі рөлін ерекше атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1128355?lang=kk