Самар ауданында аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Рауан Жампеисов мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен кезекті отырыс өткізді
19.12.2025 09:40:25 117
Самар ауданында аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Рауан Жампеисов мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен кезекті отырыс өткізді.
Кездесу барысында жаңа жылдық корпоративтік іс-шаралар қарсаңында этикалық нормаларды және еңбек тәртібін сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Ол мемлекеттік қызметшілердің алкогольдік ішімдіктерді тұтынуына жол берілмейтінін атап өтіп, дұрыс мінез-құлық таныту және қызметтік әдеп талаптарын бұзуға жол бермеу бойынша жеке жауапкершілікті еске салды.
«Мемлекеттік қызметші кез келген жағдайда мінез-құлық нормаларын сақтауға міндетті. Алкоголь ішу және мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол берілмейді», — деді Рауан Жампеисов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1128484?lang=kk