ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫ МЕН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІ ДАМУДА

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫ МЕН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІ ДАМУДА

19.12.2025 10:16:29 155

Мемлекеттік бағдарламалар аясында Шымкент қаласында «2-10-20» және «5-10-20» бағыттары бойынша тұрғын үй алуды жоспарлаған азаматтарға бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу мақсатында әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттары ұсынылады. Ағымдағы жылы тұрғын үй сертификаттарына 500 млн теңге бөлінген, сертификат мөлшері 1 млн теңгеден аспайды. Барлығы 239 өтінім түскен, оның 120 өтінімі мақұлданып, 114,1 млн теңгеге сертификат берілген, ал 119 өтінімге бас тартылған. Игере алмаған 273 828 209 теңге жергілікті бюджетке қайтарылды.
Жекешелендіру бағыты бойынша 974 азамат өтінім беріп, 911 азаматқа қызмет көрсетілген. Оның ішінде 412 азамат пәтерін қалдық құнын төлеу арқылы жекешелендіріп, бюджетке 893,9 млн теңге түскен. 428 азаматқа тұрғын үй құны өтеусіз берілген, 71 азаматқа пәтерді жекешелендіруден бас тартылған, ал 63 өтінім қаралуда.
Тұрғын үй қорын сақтау және дамыту бағытында қала аумағында орталық және басты көшелерде 528 тұрғын үй анықталған. Әл-Фараби ауданында – 282, Тұран ауданында – 107, Қаратау ауданында – 97, Еңбекші ауданында – 42 тұрғын үй орналасқан. 59 көппәтерлі тұрғын үйдің техникалық жай-күйі тексеріліп, оның ішінде 1 үй апат алдындағы жағдайда, 20 үй ағымдағы жөндеуге, 38 үй күрделі жөндеуге жататыны анықталды.
Қаладағы көппәтерлі үйлердің бірыңғай сәулеттік келбетін қамтамасыз ету мақсатында заңға сәйкес өзгерістер енгізілді. Сәулет және қала құрылысы басқармасы қаладағы көппәтерлі үйлердің бірыңғай сәулет стилінің тұжырымдамасын әзірлеп бекітетін болады. Бекітілгеннен кейін меншік иелерінің келісілген жиналыс шешімі негізінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттік өтінім ұсынылатын болады.
Бұл бағыт тұрғын үй қорын жаңарту, әлеуметтік жеңілдіктерді кеңейту және қаланың сәулеттік үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.

Толығырақ: https://www.youtube.com/live/7zaIifwsGPY?si=kWGOScWXx7xyPwh0  
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ