АХҚО краудфандинг платформаларынан түскен кірістерді декларациялау тәртібі жеңілдетілді
19.12.2025 13:30:23 114
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 56-бабының 15 тармағына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) қатысушылары қарыздық краудфандингтік платформаны басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда, краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен резидент еместерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады.
Аталған жаңашылдық кірістер мен мүлік туралы декларацияны толтыру тәртібін жеңілдету мақсатында енгізілген, өйткені тиісті мәліметтер жеке тұлғалар тарапынан салықтық есептілікте дербес түрде көрсетілмейді.
Мәліметтер есепті жылдан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей, жыл сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 697 бұйрығымен бекітілген нысан мен тәртіпке сәйкес ұсынылады.
Осылайша, аталған жаңашылдықтың мақсаты –декларанттардың кірістер мен мүлік туралы декларацияда жоғарыда көрсетілген мәліметтерді көрсету міндетінен босату, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының камеральдық бақылауды уақтылы жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1128791?lang=kk