Үлкен Нарын ауданы мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы өтті
19.12.2025 16:40:33 244
2025 жылғы 19 желтоқсанда Үлкен Нарын ауданы мәслихатының бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Комиссия отырысында күн тәртібі бойынша «Үлкен Нарын, Новополяковка ауылдық округтерінің су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы» Үлкен Нарын ауылдық округінің әкімі Маратбеков Даулет Маратбекұлының, Новополяковка ауылдық округінің әкімі Байбусунов Сержан Токторбековичтің, сонымен қатар, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасына сәйкес Үлкен Нарын ауданына келген жас мамандарды әлеуметтік қолдау көрсетудегі шаралардың жүзеге асырылуы туралы» Үлкен Нарын ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Акимбетова Эльвира Женескановнаның баяндамалары тыңдалып, талқыланды.
Отырысқа комиссия төрағасы Д.Веригин, комиссия мүшелері Т.Камбаров, Р.Жомартов қатысты.
Депутаттар тиісті сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Отырыс нәтижесінде ұсыныстар жасалып, тиісті қаулылар қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1128985?lang=kk