🔰Қызыл кітапқа енгізілген жануарды ату фактісі тіркелді.
19.12.2025 16:51:01 241
2025 жылғы 16 желтоқсан күні, сағат 12:00–13:00 аралығында «Қордай ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» КММ-нің қорықшылары «Жусандала» мемлекеттік қорық аймағына кіретін «Аңырақай» орманшылығында кезекті рейдтік іс шара кезінде «JMC Dadao» маркалы жол талғамайтын автокөлігін ұстады.
Оқиға орнынан Қазақстан Республикасының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген 2 дарақ Қарақұйрық аңының ұшасы, 2 дарақ кекілік құсы және 5 дана аңшылық қаруы анықталды.
Қазіргі таңда, барлық материалдар Қордай аудандық полиция бөлімшесіне тапсырылып, тиісті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1129034?lang=kk