«Қызметтік әдеп, кәсіби жауапкершілік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-оқыту өткізілді

«Қызметтік әдеп, кәсіби жауапкершілік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-оқыту өткізілді

19.12.2025 16:51:05 290

2025 жылғы 18 желтоқсанда Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілі мен заң департаментінің бірлесуімен «Қызметтік әдеп, кәсіби жауапкершілік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-оқыту өткізілді.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптары, заңдылық қағидаттары, лауазымдық міндеттерді адал орындау және жеке жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.

Семинар аясында мерекелік және демалыс күндері мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына қойылатын талаптарға жеке назар аударылып, ұстамдылық таныту және қызметтік әдеп нормаларын сақтау қажеттігі атап өтілді.

Сондай-ақ қоғамдық орындарда мас күйде болуға, көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе өзге де психоактивті заттардың әсеріндегі күйде басқаруға, сондай-ақ мұндай заттарды тұтынуға жол берілмейтіні ерекше атап өтілді, бұл әрекеттер қызметтік бедел мен кәсіби әдеп талаптарына сәйкес келмейді.

Сонымен қатар тексерулер жүргізу және қызметтік іссапарлар кезінде, оның ішінде шетелдік іссапарларда, қызметтік шеңберді сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, сыйлықтар мен өзге де заңсыз артықшылықтарды қабылдамау бойынша практикалық ұсынымдар берілді.

Семинар қорытындысында қызметтік әдеп пен кәсіби тәртіпті сақтау мемлекеттік қызметке деген қоғамдық сенімді нығайтудың маңызды факторы екені атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1129002?lang=kk