Өскемен мәслихатының төрағасы мен тұрақты комиссиялардың төрағалары мәслихат қызметінің негізгі бағыттары, іске асырылған бастамалар, қабылданған шешімдер туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
19.12.2025 17:51:09 208
Өскемен мәслихатының төрағасы мен тұрақты комиссиялардың төрағалары мәслихат қызметінің негізгі бағыттары, іске асырылған бастамалар, қабылданған шешімдер туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
Кездесу аясында қатысушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, ең толғандыратын мәселелер бойынша ұсыныстар айтты. Қысқы кезеңде тротуарларды, жолдарды және орамдар арасындағы жолдарды тазалауға, жолдарды орташа жөндеуге, вандализм жағдайларын болдырмау үшін жылы аялдамаларда бейнебақылау орнатуға, спорт алаңдарын, жарықтандыру тіректерін жөндеуге, сумен жабдықтау және кәріз желілерін орнатуға және басқа да өзекті тақырыптарға қатысты сұрақтар болды.
Кездесу барысында келіп түскен барлық өтініштер, сұрақтар мен ұсыныстар тіркеліп, жауапты мемлекеттік органдардың одан әрі қарауы және орындауы үшін Өскемен қалалық мәслихатының бақылауына алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1129171?lang=kk