Қазақстан–Оман ынтымақтастығы әлеуметтік-экономикалық даму аясында
23.12.2025 08:01:07 168Масқат, 2025 жылғы 22 желтоқсанда - «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2025 жылғы Қазақстан-Оман ынтымақтастығының нәтижелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға сараптамалық-талдау топтарының өкілдері мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Өз сөзінің басында Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі А.Тұматов Оман сарапшыларын Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты жолдауының негізгі ережелері туралы хабардар етті.
Сөз барысында еліміздің «Әділ, күшті және цифрлық Қазақстанды» құруға бағытталған стратегиялық бағыты атап өтілді, ағымдағы жылдың он айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері аталды, сондай-ақ елдің туристік әлеуеті және осы саладағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды.
Елші Президент Қ.Тоқаевтың 2025 жылғы Жолдауының негізгі аспектілері жеделдетілген цифрлық трансформация, жасанды интеллект министрлігін құру, банктер туралы жаңа заң қабылдау, технологияларды енгізуге, тұрғынүй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға, инвесторлардың құқықтарын қорғауға, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ әлеуметтік саланы дамытуға баса назар аудара отырып, өңдеуші өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту болып табылатынын атап өтті. Бұл шаралардың басты мақсаты-прагматикалық негізде жаһандық сын-қатерлер жағдайында Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Сонымен қатар, Елші 2025 жылғы Қазақстан-Оман екіжақты қарым-қатынастарының нәтижелерін қысқаша таныстырып, екі ел арасындағы саяси сұхбатың, экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың жанданғанын баяндады.
Елші сөзінің соңында жоғарыда аталған аспектілер мен Қазақстан-Оман ынтымақтастығын одан әрі дамыту келешегі кеңінен талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1130269?lang=kk