Өңірде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі соңғы 3 жылда 1,6 есеге өсіп 642,1 млрд теңгеден 1,1 трлн теңгеге жетті

Өңірде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі соңғы 3 жылда 1,6 есеге өсіп 642,1 млрд теңгеден 1,1 трлн теңгеге жетті

23.12.2025 12:00:35 266

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің алғашқы форумы барысында Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешен экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналуы тиіс екенін атап өтті. Осыған орай өңірде ауыл шаруашылығын дамыту және саланың тиімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Соңғы үш жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 1,6 есеге өсіп, 642,1 млрд теңгеден 1,1 трлн теңгеге жетті. Еңбек өнімділігінде де айтарлықтай өсім байқалады: 2024 жылдың қорытындысы бойынша бір қызметкерге шаққанда 5,6 млн теңгені құрап, 2022 жылғы деңгейден (4,7 млн теңге) 20% жоғары болды. Бұл нәтижеге кешенді мемлекеттік қолдаудың арқасында қол жеткізілді.
Биыл ауыл шаруашылығын дамытуға шамамен 207 млрд теңге бағытталды, бұл 2024 жылмен (175 млрд теңге) салыстырғанда 20% көп. Қаражат техника лизингіне, субсидиялауға және фермерлерді несиелендіруге жұмсалуда.
Алғаш рет 2025 жылғы көктемгі егін егу жұмыстарына қажетті қаржы алдын ала — 2024 жылдың соңында бөлінді. Бұл аграрларға егіс науқанына уақтылы дайындалуға мүмкіндік берді.
Орақ науқанының қорытындысы бойынша 7 млн тонна астық жиналды — бұл көлем бойынша республикада Ақмола облысынан (7,6 млн тонна) кейінгі екінші көрсеткіш. Астық жинау көлемі 2022 жылғы деңгейден 1,2 есеге (5,7 млн тонна) жоғары.
Агроөнеркәсіптік кешенге инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Басым бағыттар ретінде ет, сүт және астықты терең өңдеу айқындалған.
Салада бірқатар маңызды инвестициялық жобалар іске асырылуда:
* 2024 жылы жылдық қуаты 19 мың тонна болатын 3 сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді;
* шілде айында Федоров ауданында 600 басқа арналған МТФ ашылды;
* Меңдіқара ауданында 1 200 басқа арналған ферма құрылысы аяқталды;
* жыл соңына дейін Алтынсарин ауданында тағы 2 МТФ іске қосылады.
Бұған қоса, Алтынсарин, Әулиекөл, Б.Майлин және Қостанай аудандарында 5 жаңа сүт-тауар фермасын салуға 20,7 млрд теңге бөлінді.
Заманауи фермалардың құрылысы ауылдық аумақтардың дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және тұрғындардың сапалы табиғи өніммен қамтылуына ықпал етеді. Жаңа технологиялық жабдықтар өндірістік шығындарды азайтуға, сүттің сапасын арттыруға және ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1130534?lang=kk