Кәсіпкерлікті дамыту кеңесінің отырысы өтті
23.12.2025 15:10:48 131
Көкшетауда Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «АМАНАТ» партиясы облыстық филиалы жанындағы кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі облыстық Үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты.
Департаменттің түсіндіру жұмыстар және байланыс орталығы басқармасының басшысы Айнұр Елікбаева Қазақстан Республикасының салық Кодексіне - корпоративтік табыс салығының сараланған мөлшерлемелерін енгізу, арнаулы салық режимдеріндегі өзгерістер, жеке табыс салығының ставкаларын саралау, көлікке салынатын салыққа, салық есептілігін ұсыну тәртібіндегі өзгерістер оның ішінде салық есептілігін қайтарып алуды, сондай-ақ оларды табыс ету мерзімдерін ұзартуды алып тастау туралы және басқа да 2026 жылдан күшіне енетін өзгерістермен таныстырды. Шара бизнес өкілдері қатысуымен, слайдтар көрсетіліп, сұрақ-жауап форматында өтті.
Қойылған сұрақтардың барлығына сауатты жауаптар берілді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1130645?lang=kk