Жаңартылғаг оңайлатылған декларацияға көшу үшін нені білу қажет

Жаңартылғаг оңайлатылған декларацияға көшу үшін нені білу қажет

23.12.2025 15:40:43 132

Жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне және арнайы салық режимдеріндегі өзгерістерге байланысты, қазіргі уақытта:

- оңайлатылған декларация негізінде,
- бөлшек салық режимінде,
- тіркелген шегерім қолданылатын режимде

қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынуы қажет.

Мерзімдер
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану үшін хабарламаны 2026 жылғы 1 қаңтардан 1 наурызға дейін (өтпелі кезең) ұсыну қажет.
Хабарламаны тапсырған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап осы режимді қолданушы болып есептеледі.

Хабарламаны беру жолдары (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап):
- Салық төлеушінің кабинеті (ИСНА) арқылы → «Құжаттарды тапсыру» → «Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама» (ЭЦҚ-мен);
- E-Salyq Business мобильді қосымшасы арқылы;
- ірі банктердің мобильді қосымшалары арқылы;
- қағаз түрінде — орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына.

Хабардар ету үшін Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа Салық төлеушінің кабинетіне қадамдық нұсқаулықпен бірге push-хабарлама жібереді.

Маңызды
Егер өтпелі кезеңде салық салу режимі таңдалмаса және хабарлама ұсынылмаса, жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне автоматты түрде көшіру мүмкін.

Мемлекеттік кірістер комитеті түсіндіру көмегін, соның ішінде колл-орталықтар арқылы көрсетеді.

Қиындықсыз көшу үшін оңтайлы салық режимін алдын ала таңдап, хабарламаны уақтылы ұсыну ұсынылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1130671?lang=kk