Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту – ортақ мақсат
23.12.2025 18:10:29 94
Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту – ортақ мақсат Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кіші комитеттің отырысына қатысты. Кездесу барысында Департамент өкілдері 2026 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі өзгерістерге, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға қатысты салықтық нормалар мен жеңілдіктерге тоқталды. Қатысушыларға салық салудағы жаңа тәсілдер мен әкімшілендіру ерекшеліктері түсіндірілді. Отырыс ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер өңірде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, ақпараттың ашықтығын арттыруға және өзара сенімді нығайтуға ықпал етеді. Қостанай облысы бойынша МКД әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қолдауға және салық заңнамасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1130956?lang=kk