Жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің 2026 жылғы 1 қаңтардан 28 ақпанға дейінгі кезеңде қызметін тоқтату тәртібі туралы ақпарат
24.12.2025 10:50:34 304
2026 жылғы 1 қаңтар мен 28 ақпан аралығында қызметті тарату, қайта ұйымдастыру немесе тоқтату туралы шешім қабылдау кезінде тіркелген шегерімді, бөлшек салықты пайдалану, оңайлатылған декларация негізінде 2025 жылы арнаулы салық режимдерін (АСР) қолданатын салық төлеушілерге қызметті дұрыс аяқтау үшін:
- салық есептілігін ұсыну
2025 жылғы 4 тоқсанға немесе 2025 жылғы 1 жартыжылдыққа (режимге байланысты) «кезекті» түрінің белгісі бар декларация тапсыру;
- қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада 2-бөлімде келесіні белгілеу:
- ауысу туралы
«А Оңайлатылған декларация негізінде АСР» немесе «С жалпыға бірдей белгіленген тәртіп»;
- себебі
«А ерікті түрде шешім қабылдау».
Таңдалған режимді қолданудың басталу күні 2026 жылғы 1 қаңтар болып есептеледі;
- қызметті тоқтату рәсімін жүзеге асыру, атап айтқанда:
- қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш беру;
- 2026 жылғы 1 жартыжылдықтағы тарату салық есептілігін ЖД АСР үшін ұсыну (910.00-нысан) немесе жалпы белгіленген тәртіпті қолдану кезінде 2026 жылдың 1 тоқсанына (2026 жыл үшін) салық есептілігін ұсынсын;
- қажет болған жағдайда-қызметті тоқтату үшін басқа да тиісті құжаттарды ұсыну;
Салық салудың қолданылатын режимі туралы уақтылы берілген хабарлама болмаған жағдайда қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш қабылданбайтынына назар аударамыз. Бұл жағдайда жүйе хабарлама береді:
"Қызметті тоқтату үшін "А. ерікті түрде шешім қабылдау" себебі бойынша "А. жеңілдетілген декларация негізінде АСР" немесе "С. жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке" деген 2-бөлімде белгісі бар қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама беру қажет. Осыдан кейін сіз қызметті тоқтатуға құқығыңыз бар".

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1131189?lang=kk