2026 жылдан бастап бюджеттік сыныптама коды 105316 коды 401101-ге өзгертіледі
24.12.2025 16:20:45 1152
2026 жылдан бастап бюджеттік сыныптама коды 105316 коды 401101-ге өзгертіледі 01.01.2026 жылдан бастап Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға өзгерістер енгізіледі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 Бұйрығы . Бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бюджет түсімдерінің сыныптамасы, «Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем» бюджеттік сыныптаманың коды 105316 БСК-дан 401101 БСК - ға өзгертілді. Өзгерістерге сәйкес 105316 БСК «өсімдіктер әлемін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем» ретінде жіктеледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1131499?lang=kk