Қазақстан мен Словения арасындағы сенім мен даму диалогы

Қазақстан мен Словения арасындағы сенім мен даму диалогы

25.12.2025 08:01:07 252

Любляна, 2025 жылғы 23 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Словен Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы (министрдің бірінші орынбасары) Мелита Габричпен өткізген кездесуде 2025 жылғы саяси-дипломатиялық өзара іс-қимылдың қорытындыларын, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, негізгі басым бағыттар бойынша ұстанымдарды саралап, жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың өзектілігін растады. Тараптар саяси диалогты одан әрі тереңдетуге, сауда-экономикалық, инвестициялық, инновациялық, көлік-логистикалық және мәдени салалардағы әріптестікті кеңейтуге деген өзара ниетті екендігін атап өтті.

Кездесу барысында 2026 жылы екі елдің Премьер-Министрлерінің орынбасарларының тең төрағалығымен өтетін Үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысының мазмұндық күн тәртібін қалыптастыру, мүдделі іскер топтардың қатысуымен Іскерлік кеңес құру, сондай-ақ екі мемлекеттің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультацияларды жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар практикалық сипаттағы визалық мәселелер де қозғалды.

Әңгімелесушілер цифрлық трансформация және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, Орта дәліз шеңберіндегі көлік-логистикалық өзара іс-қимылға, энергетикалық әріптестікке, өнеркәсіптік кооперацияға, сондай-ақ білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы байланыстарды нығайтуға басымдық берілетінін атап өтті.

Қазақстандық дипломат Словения Республикасын 2025 жылғы желтоқсан айында Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне табысты төрағалық етуімен құттықтап, оның адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қақтығыстардың алдын алуға және гендерлік теңдікті ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

Кездесу қорытындысында тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға және өзара тиімді, сындарлы ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1131853?lang=kk