Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар туралы сұрақ-жауап
25.12.2025 18:30:39 219
Сұрақ: Мен жасым бойынша зейнеттемін. 2026 жылы өз пәтерімді заңды түрде жалға беруді жоспарлап отырмын. Мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін режимді қолдануға құқығым бар ма және бұл ретте қандай салықтар төленеді?
Жауап: Иә, 2026 жылы Сіз өзіңізді жұмыспен қамтып, белгілі бір шарттар орындалған кезде пәтеріңізді, соның ішінде зейнеткер ретінде жалға бере аласыз. Бұл 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінде қарастырылған. Жеке меншік немесе жалға алынған тұрғын үйді жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін негізгі шарттар:
- Сіз Қазақстан азаматы болуыңыз керек;
- Жеке кәсіпкер (ЖК) болмауы - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін режим тек жеке тұлғаларға ғана қолжетімді;
- Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулысымен бекітілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілуге тиіс;
- Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланбау;
- Ай сайынғы табыс 300 АЕК-тен аспауы тиіс, бұл шамамен 1 млн. 300 мың теңгені құрайды (2026 жылы 1 АЕК 4325 теңгеге тең болады).
Салықтар қалай есептеледі
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар табыс салығын төлемейді.
Алынған табыстан әлеуметтік төлемдер төленеді - 4%, оған әлеуметтік аударымдар (1%), міндетті зейнетақы жарналары (1%), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (1%), міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (1%) кіреді.
Әлеуметтік Кодекстің 243, 248-баптарына, сондай-ақ "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңның 28-бабына сәйкес жасына байланысты зейнеткерлер әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеуден босатылады. Осылайша, Сіз әлеуметтік төлемдерден босатыласыз.
Қалай рәсімдеуге болады
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін режимі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «e-Salyq Business» арнайы қосымшасын пайдалануды көздейді.
- Мобильді қосымшаға өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде тіркелу;
- Фискалдық чектерді міндетті түрде соғасыз. Режимді қолданудың басталу күні - бірінші чектың соғылуы.
- Әлеуметтік аударымдар ай сайын автоматты түрде есептеледі.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимінің қолданылуы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 77-тарауының 718-721-баптарымен реттеледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1132699?lang=kk