Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Словения мен өңірдің Alma Mater Europaea жетекші жеке университетінің басшылығымен кездесті
25.12.2025 18:50:49 246
Любляна, 2025 жылғы 24 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев екі ел арасындағы стратегиялық және инновациялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылауға бағытталған IZUM (Institut informacijskih znanosti, Maribor) басшылығымен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты ақпараттық технологиялар, ғылым, білім беру және цифрлық зерттеулер саласындағы бірлескен жобалар болды.
Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Елшісі өңірдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі Alma Mater Europaea университетінің басшылығымен жұмыс кездесуін өткізіп, білім, ғылым және бейбітшілік пен орнықты дамуды ілгерілету жөніндегі халықаралық бастамалар саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.
Тараптар білім беру бағдарламалары, ғылыми зерттеулер және бірлескен жобалар, соның ішінде білім беру процесіне цифрлық технологияларды енгізу және жастар арасында инновациялық бастамаларды қолдау саласында тәжірибе алмасты. Қазақстандық студенттер мен зерттеушілердің Alma Mater Europaea халықаралық бағдарламаларына және бейбітшілікке, толеранттылыққа және мәдениетаралық диалогқа жаһандық жәрдемдесуге бағытталған The global Peace Offensive Center (GPOC) жобаларына қатысу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Қазақстан елшісі ғылым мен білім беруді дамытуға ғана емес, Қазақстан мен Словения арасындағы академиялық әріптестікті нығайтуға ықпал ететін академиялық байланыстар мен бірлескен бастамаларды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде университет басшылығы белсенді ынтымақтастыққа, тәжірибе алмасуға және бірлескен білім беру және әлеуметтік жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1132721?lang=kk