Шығыс Қазақстан облысының әкімі шетелдік делегациямен жұмыс кездесуін өткізді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі шетелдік делегациямен жұмыс кездесуін өткізді

25.12.2025 20:20:42 224

2025 жылғы 25 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Сақтағанов Нұрымбет Аманұлының HONG KONG BBGO INVESTMENT HOLDING GROUP LTD. шетелдік компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысының аумағында экологиялық рекультивациялау және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды. Компания өкілдері аумақтарды экологиялық сауықтыруға, ресурстарды кешенді пайдалануға және циркулярлық экономика қағидаттарын енгізуге бағытталған халықаралық тәжірибесі мен технологиялық шешімдерін таныстырды.

Келіссөздер аясында жобаның экологиялық қауіпсіздігіне, Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтауына, сондай-ақ өңір үшін күтілетін әлеуметтік-экономикалық тиімділікке, оның ішінде жаңа жұмыс орындарын құру және салықтық түсімдерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өткізілген кездесу халықаралық ынтымақтастықты дамыту және Шығыс Қазақстан облысына экологиялық бағыттағы инвестицияларды тарту жолындағы маңызды қадам болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1132742?lang=kk